Индонезияда жер сілкінісінен әкімдік және аурухана ғимараты құлады
Индонезияның Сулавеси аралындағы Мамуджу қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі аурухана ғимаратын құлатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аурухана құлады. Науқастар мен аурухана қызметкерлері үйінділердің астында қалды, біз оларды құтқаруға тырысамыз", — деді құтқару қызметінің өкілі жергілікті журналистерге.
Алдын ала мәліметтер бойынша, соңғы 24 сағат ішінде аймақта бірқатар жер сілкінісі болған. Соның салдарынан электр қуаты өшіп, бірнеше жер көшкіні пайда болды.
Мамуджу қаласында кем дегенде бір көпір, сондай-ақ аурухана, жергілікті әкімдік және қонақ үй сияқты 60-тан астам ғимарат қирады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта жиырмадан астам адамның денесі табылды, зардап шеккендердің саны 600-ден асады. Кейбір жерлерде қоқыс астында адамдар әлі де көмек күтіп жатыр.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар