Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индира Расылхан: Өнерді бастағанда мені бірден ешкім тыңдай салған жоқ

Индира Расылхан өнерді біржола тастайтынын мәлімдеген еді. "Хиджабым маңызды" деген ол енді психология мен дінді ұштастырып, жас қыздар мен келіншектерге білгенін үйретпек. Осы орайда әнші өзінің жаңа қырын қабылдай алмай жүргендерге жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір мені жек көрерсіздер, бірақ біраз уақыт өте келе мені жақсы көріп кетесіздер. Мен оған сенемін. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ең алғаш уақи түсіп, тура жолды насихаттай бастағанда, өз бауырлары мен жақындарының өзіне жек көрінішті болған. Ол кісінің қасында біз кімбіз?

Айтудан шаршамаған ауыз айта түседі. Себебі әр қазағым өмірін түзеп, баспаналы болса екен, бай болса екен, Алланың берер ризығын қорқынышсыз алса екен деген ниетім бар. Жандүниелері тыныш болса екен деген ниетімнің барын бір Алла біледі. “Марафоншылдар” деген атқа да ие болдым. Атам айтқандай, “Нишо”.



Өнерді бастағанда да мені бірден ешкім тыңдай салған жоқ қой. Бұл жолымды қабылдауларыңыз үшін де уақыт керек. Үйренерсіздер. Жаңа бағытымды қабылдай алмайтын жандарға арнайы тағы ескерту! Отписка жасай салыңыздаршы! Ал мені қабылдаған жандарыма “Рақмет!” деп айтудан шаршамаймын. Мен сіздерді жақсы көремін!" –  деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында. 

Талқылау