Индира Расылхан лаңкестік кезінде өзге елде қалған балаларына жете алмай отыр
Индира Расылхан елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде өзге елде қалып қойған отбасына жете алмай отыр. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мына арпалыстан әлі бала-шағама жете алмай жатқан жайым бар. 20 күндей бөтен елде қалған қыздарым мен ұлым және анамды сағындым. Кім ойлаған..
Қолымыздан келер шара жоқта, Жаратушымызға тапсыратын жүректегі сенім ғана көңілді жайландыратыны анық. Қазағымды Алла амандықта етсін! Ұрпағымыздың бейбіт өмірде өмір сүруін тіледім", – деп жазба қалдырды ол.
Айта кетейік, Индира Расылхан өткен жылдың соңында өнерді біржола тастағанын айтқан еді. Психологияға бет бұрған Индира отбасымен бірге Ыстамбұлда жүрген болатын. Тәртіпсіздік басталмас бұрын әнші елге келген.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"