Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иммунолог: Коронавирустың мутациясынан қорқудың қажеті жоқ

Иммунолог, Иерусалимдегі Хадаса Ар ха-Цофим клиникасының бөлім меңгерушісі, профессор Яков Беркун Ұлыбританияда анықталған COVID-19 мутациясы вирустың қасиеттерін айтарлықтай өзгертпейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әзірге жеткілікті ғылыми ақпарат жоқ. Біз тек БАҚ-тан естиміз. Осы уақытқа дейін вирустың мутацияға ұшырайтыны бірнеше рет айтылды, бұл табиғи процесс. Бұл өзгерістер геномда қаншалықты маңызды деген сұрақ туындайды. Олар үнемі болып тұрады. Шынымды айтсам, осы қауесеттердің барлығын ескере отырып, бұл маңызды емес деп ойлаймын. Біз бұл вируспен өмір сүріп жатқанымызға бір жылдай болды, мүмкін мыңдаған мутациялар болған шығар,  және олар әлі күнге дейін вирусты айтарлықтай өзгерткен жоқ", - деді профессор Беркун.

Дәрігердің пікірінше, әртүрлі елдерде тіркелген вакциналар коронавирустың жаңа түріне қарсы тиімді болуы ықтимал. Ал егер вирустың геномындағы өзгерістер маңызды әрі оған вакциналар жеткілікті әсер етпесе, оларды қысқа мерзімде қайта әзірлеуге болады.

"Егер бәрі айтарлықтай өзгерсе, онда вакцинаның өзін оңай өзгертуге болады. Бірақ бұл туралы айту әлі ерте деп ойлаймын. Үрейленудің қажеті жоқ. Менің ойымша, бұл тағы бір қауесет және онша маңызды өзгеріс емес сияқты, - деп түйіндеді Яков Беркун. 

Еске салайық, Ұлыбритания билігі алғаш рет коронавирустың жаңа нұсқасы табылғанын 14 желтоқсанда хабарлады. Лондонның мәліметінше, оны ең көп жұқтырған науқастар Англияның оңтүстік-шығысында тіркелген.

VUI2020/12/01 деп аталатын жаңа штаммның тез таралуына байланысты Ұлыбритания үкіметі 20 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы шараларды едәуір күшейтті.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елде қатаң локдаунды жариялады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр