Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иммунолог COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

COVID-19 пандемиясы 2020 жылы басталған. Қазір коронавирус жұқтырғандар санының азайып, инфекцияның бәсеңдей түкенін байқауға болады. Дегенмен иммунолог және медицина ғылымдарының докторы Николай Крючковтың сөзінше, жеңіс туралы айту әлі ерте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап. 

пандемия

Иммунолог ауа райы жылынған сайын жұқпалы вирустық инфекциялардың бәсеңдейтінін айтады. Сондықтан пандемияның аяқталуы туралы айту әлі ерте екен. 

"Бірнеше айда ауру жұқтырғандар санының азаюы пандемияның аяқталғанын білдірмейді. Жақсы уақытқа қарап алдағы уақыттағы жағдайда болжам жасау мүмкін емес", - деді Николай Крючков. 

Пандемияның аяқталғанын тек бір жыл бақылаудан кейін ғана білуге болады дейді иммунолог. 

"Вирустың пандемиялық формадан маусымдыққа ауысқанын білу үшін екі немесе үш айдың нәтижесі жеткіліксіз. Менің ойымша, бір жылдық дерек керек. Коронавирус маусымдық инфекцияға айналғанымен, маусымдық асқынуы болуы ықтимал. Тұмау секілді бір немесе екі маусымда эпидемияға айналуы ғажап емес", - деп ескертті Крючков. 

Талқылау