Иманбектің трегі ТМД-да алғаш болып миллиард рет тыңдалды
Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов ТМД-да алғаш болып Spotify жүлдесін иеленді. Компания Roses ремиксі 1 миллиард рет тыңдалғандықтан оны марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі платформаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал қазір оның туындысы 1,5 миллиард рет тыңдалып үлгерген. Иманбек америкалық рэпер SAINt JHN-ның Roses туындысына ремикс жазған болатын. Дәл осы еңбегі үшін ол халықаралық “Грэмми” сыйлығын алды.
"Менің шығармашылығым бүкіл әлемнен жанкүйер тапқанына қуаныштымын. Өзге әлемдік жұлдыздармен бірге Spotify-дың байқағаны одан да қуантты", – деді Иманбек өзінің жүлдесі жайлы.
Бұл жүлдеге Билли Айлиш, Трэвис Скотт, Adele сынды әлемдік жұлдыздар ие болған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады