Иманбек "Roses" ремиксінен кейін қанша ақша тапқанын айтты
"Грэмми" сыйлығын алған алғашқы қазақстандық, диджей және продюсер Иманбек Зейкенов "По студиям" YouTube арнасына берген сұхбатына табысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Менің концертім қазір 10 мың еуро тұрады. Концерттен тапқан нақты соманы айта алмаймын, бірақ 10 млн рубльден (шамамен 55 млн теңге) артық табыс таптым деп айта аламын", - деп мойындады Иманбек.
- Иманбек: SAINt JHN бастапқыда менімен сөйлескісі келмеді, әні таныла бастаған соң өзі хабарласты
- Ресейлік музыкант: "Грэмми" сыйлығы Иманбекке ешқандай абырой әкелмейді
- "Иманбекке тамсануды қой!": Шетелдік басылым қазақстандық музыкантты сынады
"Roses" ремиксінің авторы Grammy-ді жеңгеннен кейін бұрын өзімен сөйлеспеген түрлі туыстар, жаңа достар, бауырлар пайда болғанын атап өтті.
"Меніңше, бұдан қашып құтылмайсың, бірақ бұл жағымсыз. (...) Бұрын-соңды бір-екі рет кездескен, аз танитын жігіттермен "бауыр" болып кетіппіз. "Мені тарт, сен екеуміз бір балабақшада болғанбыз, біз жерлеспіз". Өмір ғой, мен оларды қалай елемеймін. Әрине, мен сөйлесемін, егер олар жазса, мен оларға жауап беремін. Бірақ мен әлі де ондай адамдармен қашықтықты сақтауға тырысамын", - деді Иманбек.
Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі "Грэмми" алды.
Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Бұл тарихи оқиғаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зор қуанышпен қабылдады.
Айта кетейік, Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған.