Ресейлік музыкант: "Грэмми" сыйлығы Иманбекке ешқандай абырой әкелмейді

Ресейлік музыкант Юрий Лоза «Грэмми» сыйлығы Иманбекке ешқандай танымалдық әкелмейді деп санайды. Бұл туралы ол «Петербургский дневник» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

19 жастағы қазақстандық жұмысшының жазған трегі әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді (видео)

20 жастағы қазақстандық ди-джей Иманбектің (Иманбек Зейкенов) «Грэмми» сыйлығындағы жеңісі көпшіліктің қызу талқысына түсті. 

Еске салайық, ол ең беделді музыкалық сыйлықты жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды.

Алайда ресейлік музыкант Юрий Лоза «Петербургский дневник» басылымына берген сұхбатында "Грэммиге" ие болу жас ди-джейдің танымалдылығына кепілдік бермейді деді.

«Бұл әлемдегі басты музыкалық рәсім деп кім айтты? Менің ойымша, бұл рәсім бірінші кезекте америкалықтар үшін. Америкалықтар әрқашан өз заңдарымен өмір сүрді, олардың өздерінің музыкалық симпатиялары мен қалаулары бар», - деді ол.



Грэмми - бұл музыкалық симпатияға әсер етпейтін, мысалы, латын әлемі үшін, белгілі бір елге арналған сыйлық. Бұл шығыс халқының музыкаға қандай көзқараспен қарайтынымен санаспайды. Біздің өз мәдениетіміз бен өз еліміз бар. Америкада не деп ән айтады, қандай проблемалар мен музыкалық тенденциялар бар, бұл бізді алаңдатпауы керек.

«Айтыңызшы, ABBA швед мәдениетіне қандай пайда әкелді? Ешқандай, өйткені олар британдық музыка үшін жұмыс істеді және ағылшын тілінде ән айтты», - деді ресейлік музыкант.

Айтуынша, Иманбек үшін де бұл ешқандай абырой емес. Әр ел өз музыкасы мен өз елінің форматына сай өнер іздеуі керек.

«Сондықтан, бұл ди-джей Қазақстанға өзін көрсетуден басқа ештеңе әкелген жоқ. Біреу маған Америкада танымал боламын десе, мен оларға былай деп жауап беремін: Сіз Америка мәдениеті үшін жұмыс істейсіз дер едім. Әлдекімнің ағылшын әнін айтқаны немесе қайталап орындап шыққаны қазақтар үшін де, орыстар үшін де маңызды емес», - деп санайды Юрий Лоза.

15 наурызда қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Иманбек) америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Грэмми сыйлығын алғаны белгілі болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр