Иманбек Қазақстан президентінің алдында музыка ойнады: Бұл үшін өте қатты ұялдым
Grammy сыйлығының иегері атанған қазақстандық Imanbek "Дождь" телеарнасының жүргізушісі Михаил Козыревке берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үшін музыка ойнауға қалай келіскенін айтты. Imanbek неліктен бұл әрекеті үшін әлі күнге дейін ұялатынын да түсіндірді.

Коллаж: Stan.kz
Белгілі болғандай, музыкантты танымал болғаны үшін ғана шақырған.
"Мен ойнаған кейіп таныттым. Онда диджей пульті болды, тіпті диджей пульті емес, жай ғана микшер. Өзімді бірнәрсе істеп жатқандай көрсеттім. Музыка дыбыстық режиссер, меніңше, ноутбуктен қосылды", - деді Imanbek сұхбатында.
- Иманбек әкім ұсынған 2 миллион теңгеден бас тартып, қаражатты қайырымдылыққа аударды
- "Иманбекке тамсануды қой!": Шетелдік басылым қазақстандық музыкантты сынады
Музыканттың айтуынша, бұл "шоу" 5 минуттан аспаған.
Еске сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Roses әніне арналған ремиксі үшін Grammy сыйлығын жеңіп алған Иманбекті құттықтады. Мемлекет басшысы Imanbek таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленгенін атап өтті.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды