Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Imanbek-ті жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Иманбек Зейкеновтың (Imanbek) "Грэмми" жеңіп алғаны туралы жаңалықты қуана қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ИманбекБұл туралы Facebook-те Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі "Грэмми" алды. 

Imanbek-тің нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.

Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған. 

Талқылау