Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск он екінші рет әке атанды: Миллиардерге көп бала не үшін керек

Илон Масктың отбасында тағы бір бала дүниеге келді. Миллиардердің жеке өмірімен таныс кей ақпарат көздері ол баланың 2024 жылдың басында өмірге келгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mask-evrey.germes72.ru

Алайда баланың аты-жөні мен жынысы көрсетілмеген. Оның анасы Маск негізін қалаған Neuralink арнайы жобаларының директоры Шивон Зилис.

Илон Маск Page Six басылымына, жаңа баланың дүниеге келгенін растады. Ол баланың жасырын түрде дүниеге келгені туралы мәлімдемені жоққа шығарды. Сондай-ақ қазір он бір баласы бар екенін жасырмады.

"Біздің отбасымыз бен барлық достарымыз бұл туралы білді", – деді Маск.

Маск баланы жасырмақ болды деген күдікке негіз бар. Себебі миллиардердің ұлы мен қызы бар екені кездейсоқ жағдайда анықталды. Баласы туралы Масктың өмірбаяны туралы кітапта Уолтер Айзексон жазды. Ал қызының бар екені туралы ақпар журналист сұхбат алып жатқан кезде көрші бөлмеде жылаған сәбидің дауысы шыққаннан белгілі болды.

Шибон Зилис деген кім?

Бұл Зилис пен Масктың дүниеге келген үшінші баласы. Қалған екеуі, егіздер Азур мен Страйдер 2021 жылы дүниеге келген.

Зилис Маскпен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді: Neuralink-ке дейін ол Tesla-да және кейін ChatGPT-ті әзірлеген OpenAI-де менеджер болды. Олардың қарым-қатынасы жұмыс процесінен достыққа ұласты. Мысалы, ол миллиардермен Polytopia стратегиялық ойынын жиі ойнаған.

Фото: lenta.ru

Зилис достары мен әріптестеріне Маскпен романтикалық қарым-қатынаста болмағанын айтты. Ол жай ғана суррогат ана болатынын жеткізді.

Сонымен бірге, сот құжаттарында оның 2022 жылы Масктың Техастағы үйінде тұрғаны белгілі болды.

Bloomberg Маск пен Зилис арасындағы қарым-қатынастың одан әрі қалай дамығанын нақтыламады. Мүмкін бұл жолы мәселе сперматозоид берумен ғана шектелмеген шығар.

Шибон Зилистің үш баласынан бөлек, Масктың тағы сегіз баласы бар. Оның бірінші әйелі, жазушы Джастин Уилсон бес бала туды. Қалғандарының анасы әнші Граймс болды.

Фото: lenta.ru

Маск Page Six-ке берген сұхбатында бүкіл әлемде байқалған туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдайтынын айтт.

Оның пікірінше, әлемде бала тым аз туылып жатыр. Сондықтан адам саны көп ұзамай азая бастайды дейді.

“Бұл жай ғана факт, "жұмсақ теория" емес. Көбею үшін 2,1 туу коэффициенті қажет. Жалпы әлем көп ұзамай бұл деңгейден төмен түсетіні анық”, – деді Илон Маск.

Талқылау