"Ылғи тағып жүрмеймін": Асанәлі Әшімов атаулы көлік нөміріне қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде абыз актер Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі түсірілген видео шу тудырды. Актер мемлекеттік нөмірдің орнына өз есімі жазылған нөмір тағып алған. Әшімов көптің сынына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақстан” Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Актердің айтуынша, ол ерекше нөмірді тек кино түсірілімі үшін таққан.
"Құрметті әлеумет, әлеуметтік желіде шулап жатқан менің көлік нөмірім. Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой.
Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда, көшеде түсірді. Бұл менің деректі фильміме шығатын нәрсе", - деп түсіндірді Асанәлі Әшімов.
Мейрамбектің ұйқысын берсін: Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісованің кешінде заманауи бата берді
Айта кетейік, мемлекеттік нөмірдің орнына, Асанәлі Әшімовтің есімі жазылған көлік түсірілген видео желі қолданушыларының талқысына түсті. Оқиға туралы полиция қызметкерлері пікір білдірді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"