AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нөмірдің орнына ASANALI деп жазылған: Полиция Қызылордада видеоға түсіп қалған көлікке қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік нөмірдің орнына, Асанәлі Әшімовтің есімі жазылған көлік түсірілген видео желі қолданушыларының талқысына түсті. Оқиға туралы полиция қызметкерлері пікір білдірді. 

Видеодан  көлік нөмірінің орнында ASANALI деп жазылғаны байқалады. Ал кадрларда тәртіп сақшылары әртіспен жол бойында бірге жүргені аңғарылады.

Біреулер мұны қалыпты жағдай деп бағалады. Олар Асанәлі Әшімовтің мұндай жеңілдіктерге құқығы бар десе, енді біреулер заң алдында бәрі бірдей деп есептейді.

"Асанәлі Әшімовке заң жоқ па? Неге елде нөмірсіз жүреді?", "Ал жол полициясы оны құрметтеп, қолын сүюге дайын", "Иә, ол құрметті адам. Бірақ мұндай әсірелеу артық", "Мен үшін бұл қалыпты жағдай", “Ол кісі аңыз адам, не істесе де жарасады”, — деп жазады желідегілер.

Бұған қатысты құқық қорғау органдары жауап берді.

“Видео Қызылорда облысында түсірілген. Көлік нөмірі Әшімовтің 85 жылдығына арналған деректі фильм түсіру үшін арнайы жазылған. Оқиға орнында ескертуден кейін көлікке тиісті мемлекеттік белгі ілінді", – деді полиция қызметкерлері.

Асанәлі Әшімов – қазақ және кеңес киносының аңызы. Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және басқа да көптеген мәртебелі сыйлықтардың лауреаты. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарында басты рөлдерді сомдады. Көрерменге "Қыз-Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", т.б кинолары арқылы танымал.

8 мамырда Асанәлі Әшімов 85 жасқа толады.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр