Іле Алатау тауларында заңсыз жүрген шетелдік азамат қазақстандық шекарашыларға оқ атқан
Іле-Алатауда шетелдік азаматты қолға түсіру кезінде ол қазақстандық шекарашыларға оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді.
"24 тамыз күні кешке Кеген ауданындағы Іле-Алатау жотасының тау шатқалдарының бірінде ҰҚК Алматы облысы бойынша Шекара қызметінің шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзған шетел азаматын ұстады. Шекара отрядының дауысын естіген тәртіп бұзушы тоқтау және құжаттарды көрсету талабын орындаудың орнына қолындағы аңшы мылтығынан әскери қызметшілер бағытына қарай оқ атып, қарсылық көрсетіп, қашып кетуге әрекеттенген", – делінген ақпаратта.
- "Осында тұрғысы келген": Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандық түрмеге қамалды
- "Шекарашы оған тез қашып кет деп айтқан": Өмір бойына сотталған Владислав Челах президентке хат жазып, істі қайта қарауды сұраған
Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ, олар шекараның таулы учаскесін қорғау бойынша қызметін жалғастырды. Ұстау кезінде көрсеткен батылдық пен табандылықты ескере отырып, әскери қызметкерлерді көтермелеу мәселесі шешіліп жатыр", – деп қосты ҰҚК.