"Иіскеп сүйеді екен ғашығындай": Айгүл Иманбаева мен Нұрлан Абдуллин "ұсталды" (видео)
Айгүл Иманбаева мен Нұрлан Абдуллин "ұсталып" қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жүктеп, Нұрлан Абдуллиннің бетін сүйіп жатқан сәтін көрсеткен. Иманбаеваның өзі ұсталдық деп мойындап, әбден қалжыңдаған.
"Мәссаған, ұсталып қалдым ғой. Қалыңыз қалай, Нұреке?" - дейді өнер иесі бейнежазбада.
Тағы оқыңыз: Айгүл Иманбаева желіде сүйіктісін көрсетіп мақтанды >>>
Мұны көрген жұрт басында түсініңкіремей қалған. Желідегілер өнер жұлдыздарын қосып, күлкіге қарық болды. Олар жарыса пікір жазған. Ойын ортаға салғандардың ішінде Сәуіржан Құдайберген есімді азамат бар. Ол Нұрлан Абдуллин мен Айгүл Иманбаеваны ғашықтарға теңеп, жұлдыздарға өлең арнаған.
"Иіскеп сүйеді екен ғашығындай,
Аймалап алады екен асылындай
Ғашықтар ашық сүйген айып емес,
Тығылып қаранғыда жасырынбай", - дейді Сәуіржан Құдайберген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар