Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оттың ортасында арпалысқан өрт сөндірушілер айына 52 мың теңге ғана алады

Қазақстанда өрт оқиғасы көбейіп кеткен. Былтыр төрт жарым мың өрт оқиғасы тіркеліп, 400 адам көз жұмған. Сенатқа тыңдауға келген ішкі істер министрі адам шошырлық деректерімен бөлісті.

Безымянный

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, елімізде әлі кем дегенде 500 өрт сөндіру бекеттері жетіспейді. Екіншіден, шұғыл түрде жаңа техникалармен жарақтану қажет. Төтенше жағдай қызметкерлері алатын жалақыны да жоғары деп айта алмайсың.

“Қолда бар 2660 техниканың 40 пайызы 70-90 жылдары шыққан автокөліктер. Сонымен қатар өрт сөндірушілердің жалақысын да көтеру керек. Қазір қатардағы қызметкердің жалақысы 52 мың теңгені құрайды. Ал 20 жылдық тәжірибесі бар маманның айлығы небәрі 80 мың теңге”, – деді министр.

Әңгімеге араласқан вице-министр Юрий Ильин өрт кесірінен материалдық шығын, зардап шегушілердің саны және қайтыс болғандардың қатары артып бара жатыр екен. Бірақ, мәселелер айтылуын айтылғанымен сенатта оның шешу жолдары нақты талқыланбады. Бірақ, министрлік қаржы министрлігіне өрт сөндірушілердің жалақысын жоғарылату бойынша өтініш беріп қойған.

“Мемлекет басшысы жалақыны көтеру мәселесін қолдап, қол қойылған болатын. Мұны өздеріңіз де білесіздер. Ішкі істер министрлігін қоспағанда күш құрылымндарының біразының жалақысы өсті. Бізде жақында жоғары жалақы алатын әскери қызметкерлер бар”, – деді Юрий Ильин.

Оқи отырыңыз:

Келіншек сыртынан күйеуіне екінші әйел алып қойған ата-енесіне ренжіп жүр

Қазақ ұлттық медицина университетінде оқитын шетелдік студенттер жаппай бас көтерді

Алматылық келіншек жолдасына алимент төлетудің ерекше әдісін тапты

Бас мүфти: Діни салада карьера деген болмайды

Талқылау