Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас мүфти: Діни салада карьера деген болмайды

Діни салада карьера деген болмайды. “Астана” медресесін тәмамдаған түлектерге диплом табыстау рәсімінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай айтты.

8681301

Бас мүфти болашақ дін қызметкерлерін мансапқа құмар болмауға шақырып, әсіресе аудан, ауыл мешіттерінде қызмет етуге үндеді, деп хабарлайды діни басқарманың баспасөз қызметі.

“Мысырда оқып жүрген кезімізде ұстаздарымыз: “Дін жайылмаған жерге барып имамдық етіңдер”, – деген өсиетін үнемі айтып отыратын. Кейіннен бұл сөздің мәнін түсіндік. Өздеріңіз білесіздер, ауылды жерде тұратын қаншама бауырларымызға, жастарымызға Ислам туралы толыққанды ақпарат, уағыз жетпей жатыр. Міне, сол кісілерге асыл дініміздің құндылықтарын таратуға үлес қоссаңыздар үлкен сауапқа бөленесіздер. Діни салада мансапқа ұмтылуға болмайды. Мансап дегеніміз – атаққұмарлық.

“Бастық болсам, ал жанымдағылар қасымда айтқанымды істеп жүрсе”, – деген пиғыл адам баласын рухани тұрғыдан аздырады. Атаққұмарлық адам баласына абырой әкелген емес”, – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордада анасын пышақтап өлтірген жігіт сотталды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін 16 сауна жабылды

Қарағандыда пірәндік жеген 2 жасар баланың тамағына әйнек сынығы түсіп кеткен

Талқылау