Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ІІМ-нің қате шешімі болды”: Асхат Аймағамбетов мектеп инспекторларының жоқтығынан жасөспірімдер арасындағы мәселе күшейгенін айтты

Қазақстандық депутат Асхат Аймағамбетов мектептерде инспекторларды алып тастау шешімінің дұрыс болмағанын мәлімдеді. Айтуынша соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы мәселелер өрши түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Асхат Аймағамбетов Instagram парақшасынан

Депутат мұны ІІМ тарапынан жасалған қате шешім болғанын жеткізді.

“Бұл сұрақ бірнеше рет әртүрлі деңгейлерде көтерілді. Біздің ұстанымымыз әрқашан өзгеріссіз қалады. Мектеп инспекторларын алып тастамау керек еді. Олар әртүрлі рейдтерде, іс-шараларда жиі жүрсе де олардың мектептерде болуы кәдімгідей оң әсерін берген еді”, – деді ол. 

Аймағамбетов мектеп пен инспекторлар арасында мәселелердің де болғанын жасырмады.



“Бірақ олар шешілетін еді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың қауіпсіздігі мен алдын-алу олардың жұмысына тікелей байланысты болды. Бүгінде мектеп инспекторлары жоқ болғандықтан, бұл мәселелер күшейе түсті”, – деп қосты депутат.

Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер арасындағы суицидтік ойындарға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Талқылау