Ішкі істер министрлігі азаматтық некедегі әйелін сабады деп айыпталған Арман Шораевтың ісіне қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелді соққыға жыққан видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Азаттық рухы” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин/ instagram.com/arman_shorai_team
Марат Қожаев болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтты.
“Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң енді күшіне енді. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Еске салайық, қоғам белсендісі Арман Шораевтың елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан видеосы тараған еді. Алайда Шораевтың өзі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”