Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған ер адам ұсталды
Ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Атырау облысының полиция департаменті күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Күдікті Ақтау қаласында жүрген жерінен ұсталды.
“Кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туған әйелді өлтіруге оқталған 1995 жылғы күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бұған дейін қоғам белсендісі Арман Шораевтың азаматтық некедегі әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды