Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ИИДМ: Зейнетақы жинағын алу тетігі қаңтар айының соңына дейін бекітіледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың тұрғын үйге және емделуге зейнетақы жинақтарын алу жөніндегі қағидалардың ұзақ бекітілуіне наразылығына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зейнетақы

Ведомствода зейнетақы төлемдерін тұрғын үйге алу тетігі қаңтар айының соңына дейін бекітілетінін мәлімдеді.

"Негізгі заң әзірленді, одан кейінгілерді НҚА ведомстволары әзірлеуі керек. Бізге қатысты бұл бір ғана мәселе - зейнетақы қаражатын тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану. Оның механизмі дайындалып, қаңтар айының соңына дейін толық аяқталмақ", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

ИИДМ-де бұл мәселеге Ұлттық банк өз құзыреті шеңберінде қосылғанын атап өтті.

"Осыған байланысты, мүмкін, депутатта заңдар кеңселерді аралап жүр деген ой болған шығар", - деді ведомствода.

Еске салайық, мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге алу мәселесі бойынша ереженің ұзақ бекітілуіне наразы болды

"Бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында "серуендеп жүр", - деді Жамалов.

Талқылау