Алматыда бір тәулікте 7 мың адам вакцина салдырды
Алматыда жаппай вакциналау басталған бір күнде 7 мыңнан астам адам екпе алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынның мәліметінше, 2 сәуірдегі жағдай бойынша 7 060 адамға вакцина салынды.
Қазір Алматыда 56 вакциналау пункті жұмыс істейді. Олардың 16-сы жеке меншік. Сәуір айында 250 егу пунктін ашу жоспарланып отыр.
Егу кабинеттері мектептерде, базарларда, сондай-ақ СОО-да ашылады. Алдын ала тізім жасалды.
Бұдан басқа, Алматы базарларының аумағында: Өжет, Ақ бұлақ, Кенжехан, Тастақ, Орбита, Олжа, Байсат, Түрксіб және басқа орындарда пункттерді ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"