Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтаудағы шахтада болған жарылыс: Марқұмның әріптестері оқиға жайлы айтты

"Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС қызметкерлері шахтадағы әріптестерінің қалай көз жұмғаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

шахтер

Сурет: diapazon.kz сайтынан

Шахтада болған жарылысытың салдарынан күкіртсутегі ауаға бөлінген. Осы кезде шахтада болған бес кеншінің төртеуі көз жұмған. 

"Опат болғандардың барлығының бала-шағасы бар, 35-40 жастағы азаматтар еді. Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтауы керек. Марқұмдардың үшеуі Хромтаудан, біреуі - Қарғалы ауданының тұрғыны", - дейді ұйым қызметкері. 

Олардың айтуынша, бұған дейін де жарылыс болып тұрады, ал шахта 237 метр тереңдікте орналасқан. Жарылыстар мыс кенін алу үшін жасалады. Улы газдан қорғанатын құралдар мүлдем жоқ. Ал  басшылық шахтада күкіртсутегінің таралатынына көңіл бөлгілері келмейді дейді жұмыскерлер. 

Қазір апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалған. 

"Кен орнындағы жарылыс – қалыпты жұмыс. Жарылыс жасап, кен игеріледі. Бір айта кетерлігі, қаза болған жұмысшылардың денесінде ешқандай белгі анықталмады. Яғни, үстіне ауыр зат құлады деп айта алмаймыз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Көз жұмған адамдардың екеуі жарылыс жасаушы, біреуі жүргізуші және тағы біреуі өндіріс шебері. Жасы үлкені 43 жаста, өзгесі 39, 37 және 35 жаста. Комиссия құрамында жергілікті атқарушы орган өкілі, еңбек инспекциясы, облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен құқық қорғау органдарының өкілі бар»" - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Хромтауда шахтада болған жарылыста төрт адам қаза болғаны айтылған еді. 

Талқылау