Ақтөбе облысында шахтада төрт адам қаза тапты
Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы шахтада төрт адам қаза тапты, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"30 желтоқсанда 21 сағат 21 минутта (Ақтөбе уақыты бойынша) Хромтау ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде төрт жарушының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деді Ақтөбе облысы әкімдігінде.
Оқиға орнында барлау жүргізу кезінде 1 зардап шегуші және 4 адам қаза тапқаны анықталды. Қазіргі уақытта зардап шегушіні медициналық қызмет қызметкерлері тексеріп жатыр, оқиғаның себебі анықталуда.
"Оқиға орнына жедел түрде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықтыі", - деп хабарлайды әкімдік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”