"Қорғас" халықаралық шекара бекеті үш жылдық үзілістен кейін жұмысын қайта бастайды
"Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзақ уақыт үзілістен кейін қайта жұмыс істей бастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше "Қорғас" 2020 жылдың ақпан айының аяғында карантинге байланысты жұмысын тоқтатқан. Міне, енді биылғы жылдың 24 сәуірінен бастап әдеттегідей жұмыс істей бастайды.
"Осы үш жыл ішінде басқарушы компания орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды", – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы 2005 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық сауда көлемін ұлғайту, бизнес жүргізу және инвестиция тарту мақсатында құрылған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді