Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург мінсіз сұлулыққа ие әйелдің кім екенін атады

Палестинадан шыққан америкалық супермодель Белла Хадидтің бет-әлпеті мінсіз деп танылды. 

Хирург мінсіз сұлулыққа ие әйелдің кім екенін атады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лондондағы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының басшысы Джулиан Де Сильва 23 жастағы Белла Хадидтің бет-әлпетін мінсіз үлгі көрсеткішімен салыстырды. Нәтижесінде супермодельдің пропорциялары мінсіздікке 94,35 пайыз жақын болып шықты. 

Хирургтің рейтингінде бірінші орынды еншілеген Хадидтен бөлек, өзге де танымал тұлғалардың бет-әлпеті тексерілген. Осылайша, әнші Бейонсе 92,44 пайызбен екінші орынға, ал актриса Эмбер Херд 91,85 пайызбен үшінші орынға жайғасты. Мұнан кейінгі орындардан әнші әрі актриса Ариана Гранде (91,81), кантри-поп орындаушысы Тейлор Свифт (91,64) және супермодель Кейт Мосс (91,05) көрінді.

Сондай-ақ, аталған тізімге актрисалар Скарлетт Йоханссон (90,91) және Натали Портман (90,51) енді. Тізімді әнші Кэти Перри (90,08) мен топ-модель Кара Делевинь (89,99) аяқтады.

Талқылау