"Хиджаб – ойыншық емес": Имам елімізге танымал қыз-келіншектерге кеңесін айтты
"Хиджабты ойыншыққа айналдыруға болмайды". Имамдар орамалды бірде тағып, бірде шешіп, немқұрайлылық танытып жүрген танымал бикештерге осындай кеңес берді. Себебі дінге бет бұрған жан хиджабты көңілі қалаған кезде тағып, қаламаған кезде тастап кетуге болмайды, дейді діндарлар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ ел алдында жүрген танымалдар ішінде хиджабты тек сән үшін киетіндер пайда болған. Орамалды суретін желіге жүктеп, елдің екіұдай пікіріне қалғандардың қатарында Аша Матай, Ерке Есмахан бар.
Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі хиджабты бір киіп, бір шешетіндер "хайп" қуып, жеңіл жолмен танылғысы келгендер дейді.
"Жарнама қылып жұрттың бәріне көрсеткісі келеді. Содан кейін орамал тағып жүреді. Сөйтеді де, орамал тағыңыздар деп, кейінгі жастарға үлгі-өнеге болғысы келеді. Қуанып қаласың. Ал бір уақытта қарасаң, орамалды лақтырып жіберіп, кеудесін ашып тастап, ән айтып тұрған кезде кәдімгі жаралы жүрегің ауырған былай тұрсын, жүйкеңе зақым келеді", – дейді Құрманәлі.
Сол сияқты еліміздің имамдары танымал қыз-келіншектерге өз кеңестерін айтты.
"Бірде киіп, бірде шешіп тастау деген бұл дұрыс емес. Өйткені бұл бізге парыз болғандықтан, бұны біз кидік пе, шешпеу керек. Ойыншық емес қой бұл! Өзіміз қалаған кезде киіп, қалағанда шешетін бұл біздің салттық киімге де жатпайды", – дейді Қарағанды қаласы "Хәзірет Әли" мешітінің бас имамы Әлімжан Рахматтулаев.
Ал хижабты тұрақты киіп жүргендердің қатарында Айнұр Тұрсынбаева, Мөлдір Әуелбекова, Индира Расылхан бар.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды