Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хат жазып қалдырған: Алматыда 27 жастағы блогер өзіне қол салды

Алматыда 27 жастағы қыздың өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com

"НеМолчиKZ" қоғамдық қоры алматылық 27 жастағы блогердің өлімі туралы хабарлады. Қордың мәліметінше, қыздың мәйітінің жанында ер адамның аты-жөні жазылған хат табылған.

“НеМолчиKZ қорына 27 жастағы Айлуна Рахим есімді қыздың достары хабарласты. Олардың айтуынша, қыздың ата-анасы болмаған. Ол SMM-де жұмыс істеп, қамқоршы әпкесінен бөлек тұрған. 11 маусым күні кешкі сағат 19:00-де оның денесі өзіне-өзі қол жұмсау алдында жазылған хатпен бірге табылды. Ол бір жігітті кінәлайды. Жан-жақты тергеу жүргізу қажет”, – делінген ақпаратта. 


"Соңғы хат жазып, бастығын кінәлаған": Түркістанда өзіне қол салған полицейдің туыстары жанайқайын жеткізді


Марқұм Айлуна Рахим негізгі жұмысымен қатар әлеуметтік желілерде блог жүргізіп, ол өз өмірі туралы айтып, өзін-өзі дамыту және мотивация туралы ойларымен бөлісіп келген екен. Парақшасына 40 мыңға жуық жазылушысы бар. Ол сәуір айындағы соңғы жазбаларының бірінде соққыға жығылғандықтан айырылысқаны туралы жазған.

Алматы полициясы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сараптама тағайындалған. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

Еске салсақ, Таразда 33 жастағы жүкті әйел перзентхананың жуынатын бөлмесінде өзіне қол салған. 

Талқылау