Тараздағы перзентханада жүкті келіншек өзіне қол салды
Таразда 33 жастағы жүкті әйел перзентхананың жуынатын бөлмесінде өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының мәліметінше, жүкті әйел жалған толғағы келіп, тиісті ем қабылдаған. Орталықта болған кезде психологиялық ауытқулар байқалмаған. Осы қайғылы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Қажет сараптамалар кешені тағайындалды, Жамбыл облысы бойынша сот сараптама институтының мамандарына тапсырылды", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"