"Хутор" бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаев 2 айға қамауға алынды
Талғардағы атышулы “Хутор” бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатты қарады.
Сот қаулысымен күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.
Еске салсақ, "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның Ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар күні кеше, Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар