"Хан-Шатырда" суға батып кеткен 9 жасар қыз көпбалалы отбасыдан шыққан
«Хан-Шатыр» ойын-сауық–сауда орталығыдағы бассейнге батып кеткен 9 жасар қыз көпбалалы отбасыдан шыққан. Таяуда ғана бірінші сыныпты тәмамдаған оқушы мектеп жанындағы лагердегі балалармен және тәлімгерлермен бірге орталықтағы жасанды жағажайға барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Балалар жасанды жағажайға ата-аналардың өтініші бойынша мектеп жанындағы лагерьдің аясында барған екен.
Әзірге тергеу жүріп жатқандықтан, оқиғаның қалай болғаны хабарландабы. Алайда басқармадағылар сол жерде болған мектеп әкімшілігі, тәлімгерлер, Sky Beach Club-тың құтқарушылары оқушыны құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасағаны мәлімденді.
Хабарланғандай, мектеп жанындағы лагерьден келген 200 баламен бірге 24 тәлімгер, бассейннің 3 құтқарушысы және бірнеше ата-ана болған.
Қайтыс болған оқушы көпбалалы отбасыдан шыққан. Оның отбасында 4 бала болыпты. Марқұмның ата-анасына материалдық және моральдық көмек көрсетіледі.
Оқиға туралы толық ақпарат тергеу амалдары аяқталғаннан кейін беріледі.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады