ХАМАС кепілге алынған тұтқындарды босатпақ
ХАМАС қозғалысы Израильге шабуыл кезінде кепілге алынған тағы екі адамды босатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қозғалыс өкілі 22 қазанда екі тұтқын әйелді босатуға дайын екендіктерін айтты. Ол бұған дейін кепілге алынған екі АҚШ азаматшасының да босытылғанын мәлімдеді.
ХАМАС өкілі Гази Хамад BBC-ге берген сұхбатында АҚШ азаматтарын тұтқыннан босатуда Катардың үлкен рөл атқарғанын айтты.
Израиль билігінің мәліметінше, ХАМАС-тың тұтқынында 203 адам отыр, олардың көпшілігі шетел азаматтары. Ал ХАМАС өкілі кепілге алынғандардың жалпы 200-250-ге жуық екенін айтты. Олардың біреуі Ресей азаматы екені атап өтілді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”