Хамас кепілге алынған израильдіктерді босатуға дайын екенін мәлімдеді
Хамастың жоғары лауазымды шенеунігі Гази Хамад бір айға жуық уақыт бойы ұстаған барлық кепілге алынғандарды босату бойынша "толық ымыраға келуге" дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гази Хамад Израиль түрмелеріндегі барлық тұтқындарды босатуды талап етті.
"Біз де тұтқындарымыздың үйлеріне оралғанын қалаймыз.Сондықтан, біз қазір толық ымыраға келуге, барлық кепілге алынған әскерилерді де, бейбіт тұрғындарды да қабылдау үшін мәміле жасауға дайынбыз деп ойлаймын”, - дейді Гази Хамад.
Хамас 7 қазанда Израильге тосын шабуыл жасағаннан бері 230-дан астам адамды кепілде ұстап отыр.
Хамад NBC News арнасына берген сұхбатында Израильді Газа секторына қарсы агрессиясын тоқтатуға шақырды.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды