Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Халықтың несібесін аузынан қағып отырған Шодиев пен Машкевичтің ойлағаны не": Депутат олигархтарды жасанды көмір тапшылығын тудырды деп айыптады

Депутат Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысының халқы іргесінде ірі көмір бассейні бола тұра жасанды көмір тапшылығын қатты сезінетін аймақтың бірі екенін айтып, өңірдегі көмір мәселесін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Фото:gov.kz

Оның айтуынша, іргесінен газ магистралі өтіп жатса да облысқа қарасты ауылдық елді мекендердің тұрғындары 100 % көмір тұтынуға мәжбүр. Дегенмен, биылғы жылы  "Шұбаркөл Көмір" АҚ ішкі нарыққа көмір босатпайтыны жөнінде хабарлама жасады. Осылайша іргесінде ірі көмір бассейні бар облыста жасанды көмір тапшылығы болу қауіпі туындап отыр. 

"Іргедегі Арселордың тірлігі қайғы жұттырып отырғанда, халықтың несібесін аузынан қағып отырған Шодиев пен Машкевичтің ойлағаны не? Бұл қазақты қорлау ма, әлде үкіметке көрсетілген доқ па?" - дейді депутат. 

Мысалы,  "Шұбаркөл Көмір" АҚ деректері бойынша 2022 жылы көмірдің өте үлкен көлемі Шұбаркөл Көмір қимасына жақын станциялардан (70,6 мың тонна) және Жаңа Қарағанды теміржол станциясынан (206,1 мың тонна) кері экспортқа шықты. Сонымен қатар, 2023 жылдың қаңтар - мамыр айларында Жаңа Қарағанды станциясынан халыққа арналған Шұбаркөл көмірінің шамамен 37,5 мың тоннасы экспортталған.

“Бірақ биыл жылыту маусымында қимада көмір алып кету пунктін жабу туралы шешім қабылданған.  Бұл халық арасында үлкен резонанс тудыруда. Сондықтан облыс тұрғындары "Шұбаркөл Көмір" АҚ-да бөлімде алып кету пунктін ашуды талап етіп отыр", - деп атап өтті ол.

Жоғарыдағы жайттарды ескере келе, депутат вице-премьер Роман Склярдан:

- "Шұбаркөл", "Жалын" көмір орындары Ұлытау облысы тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында көмірді босатуды жылу маусымы бойынша үзіліссіз ұйымдастыруына;

- Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік маңызы бар нысандар (әкімдік, мектеп, ауруханалар, балабақшалар тб.) үшін көмір босатуға және тасымалдауға ықпал етуді сұрайды.


 

Азамат Серікхан
Сәрсенбі, 06 Қыркүйек, 2023 14:56
Талқылау