Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халыққа қандай еңбек сіңіріп жүр?": "Ерен Еңбегі үшін" медаліне ие болған Құралай ханым не себепті марапатталғанын түсіндірді

Жақында халық белсенділері деп танылғандардың бірқатары президенттің арнайы "Ерен Еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Бұл марапат азаматтарға экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін наградтау мақсатында беріледі. Құрметті медалге ие болғандардың қатарында елге Құралай ханым атымен танымал коуч Құралай Ошақбаева да бар. Алайда желі қолданушылары мен қоғам белсенділері әйелдерді шыдауға үйрететін, отбасылық зорлықпен күресудегі әрекеттердің мәнін кетіріп жүрген психолог марапатқа лайық емес деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"НеМолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Құралай ханымды әйелдерді тұрмыстық зорлыққа шыдауға үйрететінін баса айтады.

"Толған зал әйелдерді жинап алып, оларды төзімділікке, шыдамдылыққа үйретеді, осылайша, тұрмыстық құқыққорғаушылардың жұмысын жермен-жексен етіп жүр. Құралай әйелдерді күйеулерің ұрса, шыдаңдар, ақымақ болыңдар деп үйретеді! Ол әйелдерге күйеулері өзін ақылды сезіну үшін оның жанында ақымақ болыңдар дейді. Осы сұмдықты барлық арна мен миллиондаған әйел бар Инстаграм парақшасында айтып жүр", - дейді ол.

Айтуынша, Құралай ханым Инстаграмда тұрмыстық зомбылықтың ең күлкілі оқиғасына қатысты байқау ұйымдастарған және онда зорлық жасаушыларды айыптау үшін емес, күліп алу мақсатында жинаған.

"Нарды ойынында Құралайдың күйеуі оны ұтқаны үшін тақтаймен басынан ұрған. Конкурста әйелдер әртүрлі тұрмыстық зорлық оқиғаларын оны айыптау үшін емес, ерлердің "әлсіздіктерін" айтып, күлу мақсатында жиналған. Біздің үкімет пен жан-жағымызда Құралай мен оған ұқсастарды мемлекеттік наградаларға ұсынатын құрбы-құрдас, бастықтар бар. Бұл әрекет аталған награданың сиқын кетіріп, мемлекеттік органды құрметсіз ете түседі", - дейді Дина Таңсәрі. 

Желі қолданушылардың бірі Назым Тілеуханова осындай қиын-қыстау кезінде шын мәнінде ерен еңбек көрсетіп, танылғандардың жоқтығына сенбейтінін айтады. 

"Жақында медаль, ордендермен марапатталғандардың ішінде әртістер, әншілер, коучтер болды. Олардың арасында Қабатов, Алагөзов, Құралай болды. Соңғысын танымайды да екенмін, көпшілігі білмейтін сияқты. Олар халыққа қандай еңбек сіңіріп жүр?

Өз денсаулығы мен өмірін тәуекелге салған, еңбек сіңірген басқа лайықты азаматтар табылмай қалды ма?", - дейді ол.

Тағы бір желі қолданушысы Гүлбану Әбенова "Құралай Ошақбаева ауыл әйелдерінің мәселесін шешкісі келсе, ауылға депутат болғаны дұрыс" - , дейді. Айтуынша, Мәңгілік елде орналасқан сұлулық салонында, Бәйтерек маңындағы қонақ үйде отырып, ауыл әйелінің жағдайын түсіну мүмкін емес. 

"Ауыл, ауыл, маған билік беріңдер дейді. Ондай болса, ауылға бар, ол жақта да депутаттар керек. Ауыл әйелдерінің мәселелерін де көзбен көре аласың. Жоғарыда отырып олардың қалай өмір сүріп жатқанын қайдан білесің? Лекцияларыңның бағасын, қызыл әмиян мен тілектер картасының бағасын түсіретін шығарсың, бәлкім?! Неге бәрін көреалмаушылар деу керек? Біз -  сіз депутаттыққа ұсынылып жатқан Есіл ауданынанбыз. Неге қобалжулысыз? 40 рет дұға оқып жіберіңіз", - деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Құралай Ошақбаеваның өзі наградасына қатысты марапаты өзінікі емес, халықтікі деп санайды. 

"Алдарыңызда «кессең міне басым» деп жүрген қыздарыңыз бүгін марапатқа ие болып жатыр. Марапат менікі емес, менің артымда тұрған қалың қол халықтыкі. Президенттің «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталып, төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұр. Мақтау мақтауымен, марапат марапатымен, бірақ медальді алып тұрып өзіме артылған жауапкершіліктің тағы қанша есеге өскенін бірден түсінгендей болдым. Кешегі өткен Ләззаттар мен Сәбиралардың рухтарының алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Біз көріп жатқан не мақтау болса да, солардың көз жасы мен қыршыннан қиылған өмірлерінің арқасында ғой", - деп жазды ол Инстаграм парақшасында.

Айтуынша, қазақ қыздарының, қазақ әйелдерінің көсегесін көгертіп, үнін билікке жеткізу жолындағы еңбегімді еш тоқтатпастан, тек алға деп өзіне серт берген.

Айта кетейік, біздің редакциямызға берген сұхбатында Құралай Ошақбаева өзінің сабақтарына қатысты қиналып жүрген, жылап отырған әйелді тығырықтан шығарар, үміт отын сыйлар, жүрегіне Аллаға деген сенім ұялатар, рухани сабақтар деп айтқан еді. 

Психолог-коуч әйелдерге үміт отын сыйлағым келеді. Яғни, отбасылық модельдің үлгісін көрсеткісі келетінін айтқан болатын

 

 

Талқылау