Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халыққа алдын ала ескерткен жоқ": Жолаушылар Ақтөбе әуежайының кенеттен жабылып қалғанына наразы

Ақтөбе әуежайы бүгінгі күні ұшақтарды қабылдамайды және ұшақтар ұшпайды. Осының салдарынан жүздеген жолаушылар басқа бағыттар мен көліктерді іздеуге мәжбүр. Сонымен қатар олар сатып алынған билеттер үшін ақшаны қайтарып алу үшін кассаның алдында тұруы қажет. Неліктен ауқымды жөндеу жұмыстары күтпеген жерден басталып, халық ескертусіз қалды? Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

актобе ауежай

Ақтөбе әуежайындағы жөндеу жұмыстарының ретсіздігінен бір күн бұрын Алматыда тұрған ондаған жолаушылар Ақтөбеге ұша алмай, қалып қалған. Олар рейстің кейінге шегерілгені туралы ешқандай алдын ала ескертусіз тек ұшардан бұрын соңғы сәтте ғана білген.

Алматы әуежайындағы жағдай туралы айтқан жолаушылардың бірі ақтөбеліктердің үйлеріне ұша алмай, әуежайда тұрып қалғанын айтқан.

"Бұл – Алматы әуежайы. Ақтөбеліктер үйлеріне ұша алмай тұр. "Скаттың" өкілдері жәй ғана өтіп бара жатыр. Тіркеуді бастамайды. Орын алған жағдайға түсінік беру ойларында жоқ. Бәріміз жәй ғана тұрмыз", - дейді жолаушы.

Ақтөбеліктерге әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын өткен аптада хабарлаған. Ол кезде тек күндізгі рейстерді ғана тоқтатып, түнгі рейстерді қалдыруға шешім қабылдаған. Сонымен бірге, шенеуніктер барлық жөндеу жұмыстары тез арада аяқталып, әуе айлағы жұмысын жалғастыра береді деген. Сол себепті жолаушылар да мұндай дүрбелең болады деп ойламаса керек. Бірақ кейін әуежайдың бір жарып аптадан кейін ғана ашылатыны белгілі болған.

"Мен наурыздың 23 күні демалыста балаларымды алып Стамбулға ұшуым керек еді, алайда мүмкін болмай қалды. Билеттерді бір жарым ай бұрын алып қойғанмын. Тұрғындарды алдын ала ескертулері қажет еді. Бізге СМС хабарлама да келген жоқ. Сондықтан әркім өзінше жоруыл жасап жүр", - дейді Асқар Садықов.



Бірақ шетелге чартерлік рейспен ұшып кеткендердің жағдайы бұдан да қиын болып тұр. Кейбір деректер бойынша, Мысыр мен Түркияда 400-ге жуық турист қалып қойған. Олар Оралдағы немесе Ақтаудағы балама аэродромдар арқылы оралуға мәжбүр. Шенеуніктер болса жөндеу жұмыстарының бұлай созылып кететінін өздері де білмегендерін айтып, ақталуға тырысуда. Айтуларынша, олар әуелі ұшу-қону жолағында 60 тақтаны ауыстыруды жоспарлаған. Бірақ кейін тексеру барысында комиссия бұл жеткіліксіз деп шешкен. Ал енді жөндеу жұмыстары ең аз дегенде 27 наурызға дейін жалғасады.

"Сатып алынған билеттерге келетін болсақ, барша азаматтарға, қала тұрғындарына айтарым, бұл билеттердің ақшасы 100% қайтарылады. Ешқандай комиссия мен айыппұл салынбайды", - деп түсіндіреді Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Кайер.

Әуежай басқармасының айтуынша, қосымша бетон плиталарын жеткізу әлі де күтілуде. Бүгінгі күнге дейін жеткізушімен құжаттарға қол қоюдың ресми рәсімдері ғана жүргізілген. Сол себепті жолаушылар тағы бір форс-мажорлық жағдайға әзір болуы керек сияқты.

Қала тұрғындарын 16 наурыз күні Нұр-Сұлтанда болған облыс басшысының қалай оралғаны қатты таңқалдарды. Ал әкімдік Оңдасын Оразалиннің әуежайда жөндеу жұмыстары басталмай жатып ұшып келгенін мәлімдеді.

Талқылау