AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай әуежайындағы баспалдақ жолаушылардың түсінбестігін тудырды

Қостанайдың жөнделген әуежайындағы ешқайда апармайтын жұмбақ баспалдақ жолаушыларды таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Желіде жақында жөнделген Қостанай әуежайында жұмбақ баспалдақтың суреті мен видеосы пайда болды. Ерекше құрылыстың баспалдақтары тікелей қабырғаға апарады. Бірақ онда есік жоқ екенін көруге болады. Жазба авторларының бірі жобада баспалдақты демонтаждау жұмысы қарастырылмағанға ұқсайды деп тұжырымдаған. Әлеуметтік желі қолданушылары фотосуретке қатысты түрлі пікірлерін жаудырды. 

"Аспанға апаратын баспалдақ", "Гарри Поттердегі" 9¾ платформасы", "Болашаққа жол”, – деп жазды олар. 



Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген әуежай әкімшілігі жөндеу әлі аяқталмағанын, мұны таратқандардың пиар жасағысы келгендерін айтады. Бұндай шешім өндірістік қажеттілікке байланысты қабылданған. 

"Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жолаушыларды құрылыс жұмыстары қажетсіз бөлігінен қорғау үшін ол жерді жабу туралы шешім қабылданды. Бірақ қазір ол жақта есіктер тұр, жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Қостанай халықаралық әуежайының өндірістік-диспетчерлік қызметінің бастығы Александр Андреев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр