Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықаралық ұйымдардың алдында ұялудан шаршадық": ІІМ өкілі "қыз алып қашу" қылмыстық құқық бұзушылыққа айналатынын айтты

Ішкі істер министрлігі "Қыз алып қашу" дәстүріне жеке қылмыстық құқық бұзушылық мәртебесін беру туралы ұсынысты қолдайды. Ішкі істер вице-министрі елімізде қыздарды күштеп күйеуге беру дәстүрі қалыптасқаны үшін халықаралық құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің алдында ұялудан шаршағанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bye_byden Telegram-арнасынан

"Халықаралық ұйымдарда баяндамаларымызды қорғау кезінде бұл мәселе бізге шағым ретінде беріледі. Олар бұл дәстүрлерді бөліспейді және түсінбейді. Бәлкім, менталитетті ескерсек, бұл мәселені бір жерде түзейтін шығармыз, өйткені көбінесе дәстүрдің артына жасырынып, азаматтарымыздың конституциялық құқықтары іс жүзінде бұзылады", - деді Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.

Тамыз айының басында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға қылмыстық кодекске "Неке қию мақсатында адам ұрлау" деген жеке бап енгізуді сұрап жүгінген. Қазақстанда қыз алып қашу үшін жауапкершілікті күшейтілетіні айтылған еді. 

Бұл ретте Артур Ластаев әлеуетті күйеу жігітті ғана емес, қалыңдық ұрлығына қатысы барлардың барлығын жазалауды ұсынды. Уәкіл отбасын құрудың бұл әдісі үшін жазаны 15 жылға бас бостандығынан айыруға дейін көбейту керектігін айтты.

Талқылау