Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық қылмыстық сот Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға ордер берді

Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің бұрынғы Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимовты Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына және бейбіт азаматтарға аяусыз зиян келтірді деп айыптап, бұйрық шығарды. Бұған дейін Халықаралық сот президент Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы, сондай-ақ екі ресейлік әскери басшыларды тұтқындауға санкция берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіХҚС Баспасөз мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: DW
ХҚС-тың пресс-релизінен Шойгу мен Герасимовқа тағылған айыптар 2022 жылдың 10 қазанынан бастап 2023 жылдың 9 наурызына дейін болған оқиғаларға қатысты екені жазылған. 

Халықаралық соттың Сотқа дейінгі палатасының мәліметінше, бұрынғы қорғаныс министрі және Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бастығы азаматтық объектілерді нысанаға алғаны үшін, сондай-ақ бейбіт тұрғындарға шамадан тыс зиян келтіруге байланысты әскери қылмысқа жауапты деген болжам бар. Олар "адамгершілікке жатпайтын адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп айыпталып отыр.

"Екі күдікті Украинаның электр инфрақұрылымына 2022 жылдың кем дегенде 10 қазанынан бастап 2023 жылдың 9 наурызына дейін жасаған зымыран соққыларына жауапты екені туралы ақылға қонымды негіз бар", — делінген баспасөз хабарламасында. 

Осы уақытта Украинадағы электр станциялары мен қосалқы станцияларға көптеген соққылар болды деп жазды сот. Ал Ресей тарапын бұндай хабарламалар еш алаңдатпайтын көрінеді.

"Бұның біз үшін салмағы жоқ. Өйткені ХҚС юрисдикциясының Ресейде күші жоқ. Жай ғана батыстың біздің елге сес көрсетуі деп қабылданады", — деді Ресей Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының баспасөз қызметі ("Интерфакс").

Осы жылдың 5 наурызында ХҚС Ресейдің алыс қашықтықтағы авиациясының қолбасшысы Сергей Кобылаш пен Ресейдің Қара теңіз флотының қолбасшысы Виктор Соколовты тұтқындауға Санкциялар берілген еді. Дегенмен Ресей осы жылы да Украин Энергетика нысандарына жаппай соққы беріп келеді. Путиннің сөзінше, бұл – Ресейдегі мұнай өңдеу кешендері мен мұнай базаларына дрондардармен жасалған шабуылға жауабы. Алайда Ресей әскери күштері украин энергетикасына жаппай соққыларды 2022 жылдың қазанынан бастады.

Талқылау