Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық үйден артық шықпауға тырысады": Қытайда тұратын жерлесіміз коронавирусқа қатысты дүрбелең жоқ екенін айтты

Қытайда жұмыс істейтін жерлісіміз Алдияр Жұмажанов елдің басқа аймақтарында коронавирусқа қатысты дүрбелең жоқ екенін, бәрі қалыпты жүріп жатқанын Stan.kz тілшісіне жеткізді. Қазір аспанасты елінде миллиондаған адамды шалып түскен кеселге қарсы күреске 12 млрд АҚШ доллары бөлінген. 

Қытайда карантинге байланысты барлық мекемелер күніне екі рет санитарлық өңдеуден өтеді екен. Толық карантинге Ухань және Хуйган қалалары алынған. Барлық ұйымдар штаттық тәртіпте жұмыс істеп жатыр. 

"Тек мектептерде балалардың демалысы 2-нші ақпанға дейін созылды, Шанхайда - 10-ына дейін, біздің Сымян қаласында да 10-ына дейін", - дейді Алдияр. 

Айтуынша, тек үрейі қашқан халық үйден артық шықпауға тырысады. Дүкендер қалыпты жұмыс істеп жатыр, азық-түлік жеткілікті. 

Ал қоғамдық көлікке тек маскаларда ғана отыруға болады екен. 

"Ойын-сауық орталықтарына да халық шығып жүр, тек бәрі маскамен жүреді", - дейді ол. 

Бұған дейін Stan.kz аспанасты елінде білім алып, қазір үздік IT-компаниялардың бірінде қызмет етіп жүрген шымкенттік Алдияр Жұмажановпен сұхбат жүргізіп, ондағы өмір сүру деңгейі, жалақы көлемі мен басқа мүмкіндіктер туралы материал жариялаған еді. 

Талқылау