"Ұсыныстар күтемін": Хабиб Нұрмагомедов кәсібін футболға ауыстырғаны рас па?
Ресейлік чемпион Хабиб Нұрмагомедов бала кездегі арманына қайта оралып, футболшы болуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы жүгіріп жүрген видеосын жүктеп, "Үлкен футболдағы дебютыма дайындалып жатырмын, ұсыныстар күтемін, қарастырамын", - деп жазды.
Осыған дейін ол алдыңғы қатарлы спорт ретінде футболды есептейтінін айтқан, аралас жекпе-жектің орнына футболға бүйірі бұратынын жеткізген.
"Футбол жақсырақ. Онда ешкімді ұрып-соғудың қажеті жоқ. Шығасың да қаншалықты кәсіби маман екеніңді көрсетесің. Бұл да өте қиын спорт түрі. UFC,ММА-ге қарағанда футбол қаттырақ ұнайды. Футболды бақылап отырамын, одан жалықпаймын. Ал UFC-ге келер болса, бұрын барлық жекпе-жекті көретінмін, қазір көрмеймін", - деді ол.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған