"Хабар 24" арнасының директоры президент баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Эльдар Бақпаев президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан
Бұған дейін ол "Хабар 24" телеарнасын басқарған.
"Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы президенті баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!", – деп жазды Берік Уәли.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"