Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың әйелін қайын атасымен төсектес болды деп айыптады
Гүлзира Айдарбекова өзін сынға алған жандарды аяусыз жауапқа тартатынын айтты. Оған өзі мен ұлына, отбасына айтылып жатқан шектен тыс қаңқу сөздер сөздер себеп болған.
Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.
Гүлзира Айдарбекова бұл жолы қатты ашуға мінді. Оған Қайрат пен отбасына қатысты айтылып жатқан қаңқу әңгімелердің көптігі әсер етті.
"Берік Найман деген жігіт менің атыма, отбасымның атынан небір ойға келмейтін сөз жазып жүр. Жұлдыз қайын атасымен жақын болған деген әңгімелер таратты. Не деген сұмдық. Айтуға ауыз бармайды. Бұған тұсау салмаса болмайды. Тыныш жатқан жыланды өздері оятты. Мен енді шағып аламын", - деді Айдарбекова.
Өткен аптада желіде Қайрат күзетшімен төбелесті деген ақпарат тарады. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Алайда тергеуге сәйкес, артық ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді. Қайраттың күзетшінің мұрнын сындырғаны рас па? Оқиғаға кім кінәлі? Бұл туралы продюсер пікір айтты.
Қайрат Нұртастың анасы: Димаштың өмірі маған қызық емес
"Бұл жерде Қайрат өзін қорғаушы болып тұр. Күзетшінің өзі бірінші тиіскен. Қазір әншілерді пайдаланып ақша жасағысы келетіндер көп. Олардың орына түсіп қалмау керек. Қайраттан миллион ақша сұрады. Қайрат бермейтінін айтты. Себебі ол өзін қорғап тұр. Оған дәлелдеріміз бар. Сол себепті мұны тергеу тексереді. Қайраты ешкімнің мұрнын сындырған да жоқ, төбелескен де жоқ", - деп ақтады анасы.
Анасы ғана емес, өнердегі әріптестері Қайраттың қызуқанды емес екенін айтып жатыр. Оның ұрыстан алыс жүретін адам екенін айтып ақтады.
"Қайрат еш себепсіз ешкімге тиіспейді. Ол өзіне тиісіп жатса да, көп жанжалдаспайды. Сондықтан бұл жерде кінә екінші жақтан болуы мүмкін. Қайраттың намысына тиген шығар. Оның өздігінен соқтығысуы мүмкін емс", - деді Ринат Баситов.
Оның сөзін Мұқасан Шахзодаев та қостады.
"Қайрат өзі аңқылдаған бала ғой. Ол ешкімнің мұрнын бұзатын бала емес. Қазір әншіге тиісіп жүретіндер көп. Намысына тигісі келеді. Ауыр сөздер айтады. Сондай жағдай болған шығар", - деді әнші.
Кайрат туралы коре алмайтындар неше турлыны айтады. Казактын баласы гой ол да. Кою керек кой ондайды