Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігі мерекеде мұғалімдерге гүл сыйлауға болатынын айтты

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мұғалімдерді мазалаған сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

“Мереке қарсаңында әріптестерден "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні расында ерекше күн, мереке педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі. Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру – біздің мұғалімдерімізге білдіретін алғыс сезіміміздің белгісі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр”, – дейді Мереке Амангелдіқызы.


Қазақстанда мұғалімдер күнінде ұстаздарға гүл мен сыйлықтар беруге бола ма – Антикор жауап берді


Айтуынша, мұндай сыйластық ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ата-аналардың 20%-ы мұғалімдер күніне ақша жұмсағысы келмейтіні туралы жазған едік. 

Талқылау