Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: Марқұмның туысы 10 тәулікке қамауға алынды

Грузияда қаза болған қазақстандық әйел Әсел Айтпаеваның туысы 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты елордалық полицияның азамат М-ға 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады. Сот келтірілген дәлелдермен келісіп, М.-ға 10 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы шешімді қабылдады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Бойжеткен 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Айта кетейік, 26 жастағы Әсел Айтбаева 5-мамырда мерт болған белгілі болған еді. Грузия прокуратурасы қыз өзіне қол салған болуы мүмкін деген болжам айтты. Алайда Әсел Айтбаеваның жақындары бұған сенбейді.

Бұған дейін Әсел Айтбаеваның өліміне кінәлі деген күдікпен оның туысы ұсталған еді. Марқұмның құрбысы Ольга да Әселдің Грузиядағы жұмысқа қалай шақырылғанын айтып берді.


Талқылау