Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Айтпаеваның ісі: Полиция марқұмның туысын ұстады

Полиция Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның ата-анасының М.Мейірбековке қатысты шара қолдану туралы өтініші негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ауыр қылмыс жасаған күдікті Мейірбеков ұсталып, Нұр-сұлтан қаласының УҰИ - не қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.



Еске салайық, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады.

Қылмысқа күдікті Бесик Тордуа ұсталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Анасы қыздың денесін Грузиядан Қазақстанға алып келді.  Сондай-ақ ол қызын шетелде жұмыс істеуге шақырған туысын қамауға алуды сұрады

Талқылау