Грузияда көп қабатты үй құлап, 8 адам үйіндінің астында қалды
Грузияның Батуми қаласының мэрінің міндетін атқарушы Лела Сурманидзе 26 мамыр көшесіндегі қираған үйдің үйіндісі астында сегіз адам іздестіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі batumelebi.ge ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Сервис орталықтың менеджері мен серіктестік төрағасы осы үйде тұратын отбасылармен байланысты. 7-8 адам үйінді астында қалып қоюы мүмкін. Үйінде қалып қойған әйел бар. Тұрғындардың бір бөлігі балалар, олар мектепте болған шығар, тағы бір бөлігі жұмыста", – деді Лела Сурманидзе.
Бүгін, 8 қазанда Батумиде тұрғын үйдің кіреберісі опырылды. Мэрияның мәліметінше, 12 пәтер қираған. Оның неден опырылғаны әзірге белгісіз.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді