Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылғы әлем чемпионатына грек-рим күресінен Қазақстан атынан шығатын құрам белгілі болды

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатына грек-рим стиліндегі ұлттық құраманың спортшыларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрам:

55 келі: Аманғали Бекболатов;

60 келі: Айдос Сұлтанғали;

63 келі: Ғалым Қабдунасаров;

67 келі: Дінмұхамед Қошқар;

72 келі: Ибрагим Магомадов;

 



77 келі: Тамерлан Шадукаев;

82 келі: Диас Кален;

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов;

97 келі: Олжас Сырлыбай;

130 келі: Әлімхан Сыздықов.

Айта кетейік, әлем чемпионаты қыркүйектің 10-18-і аралығында өтеді.

Талқылау