Греция туристер үшін өз шекарасын ашты
Греция 14 мамырдан бастап бастап барлық карантиндік шектеулерді алып, туристер үшін өз шекарасын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Грецияның туризм министрі Харис Теохарис елдің шетелдік саяхатшыларды қабылдауға және оларға қауіпсіз демалуды қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.
"Біз қатаң рәсімдермен арылып, еліміздің қонақтарын аман-есен қарсы алдық", - деді министр.
Теохарис сонымен қатар елде жалпы вакцинация жүргізіліп жатқанын айтты. Жоспарға сәйкес Грецияның ең үлкен аралдарының тұрғындарына маусымның соңына дейін екпе егіледі. Бұған дейін мамыр айында Греция туризм үшін ашылумен коронавирусқа қарсы вакцинацияланған ресейлік "Спутник V" вакцинасын және қытайлық препаратты қабылдайтыны туралы хабарланған болатын. Туризм министрі Харис Теохаристің айтуынша, Греция шетелдік вакциналарды қабылдауға дайын, өйткені олар "туристік нарықтарға тікелей әсер етеді".
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді