Гранатаны денесімен жапқан: Таразда өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті залалсыздандырған полицейді еске алды
Тараздық 11 жыл бұрын өз өмірін қиып, лаңкесті залалсыздандырған полицейдің ерлігін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 12 қараша, лаңкестің Тараз көшелерінде емін-еркін жүріп, арнайы құрылым қызметкерлеріне оқ жаудырғанына тура 11 жыл болды. Жергілікті халыққа қауіп төндірген лаңкесті денесін жауып тоқтатқан полицей Ғазиз Әбішев өз өмірін құрбан еткен. Ол гранатаны жауып, сол уақытта көшеде болған ондаған адамның өмірін сақтап қалды.
Қайғылы оқиға кезінде қылмыскердің қолынан 7 адам қаза тапты, оның ішінде қарапайым азаматтар да бар. Байтасовқа қаза тапқаннан кейін Халық Қаһарманы атағы берілді. Оның құрметіне Таразда бірнеше ескерткіштер ашылған.
Айта кетейік, бүгін Петропавлда да елі үшін қаза тапқан полицейді еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді